20:09, 26 Тамыз 2015 | GMT +5
Иран мұнай өндіруге инвестиция салуды тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран 2015 жылы қара алтын бағасының күрт түсуі салдарынан мұнай саласына инвестицияға ақша бөлмеді десе болады. Мұнай министрі Биджан Намдар Занганның айтуынша, бұл көрсеткіш 2011-2012 жылдардағы 40 млрд. доллардан өткен жылы 6 млрд долларға дейін төмендеген және одан кейін де қысқару жалғасқан.

Сонымен қатар, тамызда Иранның мұнай министрлігінің стратегиялық жоспарлау бөлімшесінің басшысы Саид Гавампур ирандық мұнай саласының инвестицияға сұранысы таяу бес жылда 100-ден 500 млрд долларға дейін қаржыны құрайтын болады деді, деп жазады Утро.ру.
Занган әлемде мұнайды қайта өндіру тәулігіне 3 млн баррельді құрайтынын атап өтті. Бұл ретте әңгіме халықаралық санкцияларды алып тастағаннан кейін бірден өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге арттыру жайында болып отыр. Содан кейін тәулігіне тағы да 500 мың баррельге көтеру жоспарлануда.