Иран наразылық кезінде шамамен 2000 адам қаза тапқанын мойындады

АСТАНА. KAZINFORM — Иран билігі жалғасып жатқан наразылықтар аясында болған адам шығынының көлемін алғаш рет жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Гибель около двух тысяч человек в ходе протестов впервые признали в Иране
Фото: Iran International

Ирандағы наразылықтар кезінде қауіпсіздік күштерін қоса алғанда, шамамен 2000 адам қаза тапты. Аты-жөнін атамауды өтінген ирандық шенеунік сейсенбі күні Reuters агенттігіне сұхбат берген.

— Бұл үкіметтің Ислам Республикасында екі апта бойы жалғасып жатқан жаппай бүкілхалықтық наразылықтар басталғаннан бергі құрбан болғандар санын алғаш рет мойындауы, — деді ол.

Дереккөздің мәліметінше, билік наразылық білдірушілердің де, қауіпсіздік күштерінің де қазасына «террористер» деп атаған адамдарды кінәлап отыр.

Алайда, құрбан болғандар туралы нақты ешқандай мәлімет берілген жоқ.

Экономикалық жағдайдың күрт нашарлауынан туындаған қазіргі наразылықтар Иранның діни басшылығы үш жылдағы ең күрделі ішкі сынаққа айналды. Адам құқықтары ұйымдары бұған дейін жүздеген адамның қазасы мен мыңдаған адамның тұтқындалғаны туралы хабарлаған.

АҚШ-та орналасқан HRANA адам құқықтары ұйымының мәліметі бойынша, дүйсенбі күні 10 700-ден астам тұтқындау фактісі тіркелген, бірақ бұл сандар ресми түрде расталған жоқ.

Осыған байланысты Иран оппозициялық Iran International веб-сайты нақты қаза тапқандар саны 12 000-ға жетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Есепте бұл сандар ел ішіндегі әртүрлі көздерден, соның ішінде қауіпсіздік агенттіктері мен медициналық мекемелерден алынған ақпаратқа негізделгені айтылған. Бұл хабарламаларды ресми органдар растаған жоқ және тәуелсіз тексеру мүмкін емес.

Иран билігі бұған дейін мұндай болжамдарды жоққа шығарып, наразылық акцияларын сыртқы күштер пайдаланды және ұйымдасқан топтар зорлық-зомбылық ұйымдастырды деп мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ынтымақтасатын елдерге 25% баж салығын енгізетінін жариялады.

Сондай-ақ, сейсенбі күні АҚШ өз азаматтарын Ираннан кетуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум