08:26, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Иран Обаманың тікұшағының сызбаларын ұрлап кетті
МӘСКЕУ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Компьютер мамандары ирандық хакерлер интернет-қорғаныс жүйесіндегі олқылықты пайдаланып, АҚШ-тың бас тікұшағы - ел президенті Барак Обаманың көлігі Marine One тікұшағының егжей-тегжейлі инженерлік сызбаларын ұрлады, деп отыр.
ҚазАқпарат бұл туралы MIGnews.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Tiversa компаниясы аса құпия ақпараттың шығып кетуіне жол берген электрондық қорғаныс жүйесіндегі олқылықты анықтап отыр. Ирандықтардың қолына түсіп отырған мәліметтерге тікұшақты түрлендірудің жоспарлары, оның авионика жүйесі мен президенттік әуе көлігінің интернет-жүйесі туралы мәліметтер кіреді. Мүлдем құпия саналатын құжаттар ирандықтарға Пентагондағы мердігерлердің бірінің компьютеріне орнатылған LimeWire сынды файлдарды бірлесіп қолдану бағдарламасының көмегімен жіберілген болып шықты.