Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иран оңтүстігінде жер сілкінді, 4 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран оңтүстігінде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісінен 4 адам мерт болды және 4 адам жарақат алды, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс жергілікті телеарнаға сілтеме жасап.

Иран оңтүстігінде жер сілкінді, 4 адам қаза тапты

Зілзала кіндігі Фарс провинциясындағы Хондж қаласы маңындағы елді мекенде орналасқан.

Телеарнаның хабарлауынша, қаза тапқандар шетелдіктер болып шыққан. Алдын ала болжам бойынша, олар жергілікті фермаларда жұмыс істейтін Ауғанстан азаматтары болуы мүмкін.

Еуропа Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметтері бойынша, магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі 02.33-те тіркелген. Зілзала ошағы Шираз қаласынан 170 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.