Иран ОПЕК-тің сұйық отынын өндіруден екінші орында тұр

Иран ОПЕК-тің сұйық отынын өндіруден екінші орында тұр
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Энергетика министрлігінің соңғы есебіне сәйкес, Иран Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) сұйық отын өндіру бойынша Иракты басып озып, екінші орынға шықты, деп хабарлайды IMNA. 

Деректер Иранда сұйық отын өндірісі осы жылдың бірінші тоқсанында 110 мың баррельге айтарлықтай артып, бұл оның ОПЕК-тің Сауд Арабиясынан кейінгі ең ірі ресурс өндірушісі ретіндегі орнын нығайтқанын танытып отыр.

АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат басқармасының «World Short - Term Energy Outlook» есебінде Иранның 2024 жылдың бірінші тоқсанында күніне 3,230 млн баррель мұнай өндіргенін, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай өндіру көлемі тәулігіне 50 мың баррельге артқанын көрсетеді.

Баяндамада Иранда 2023 жылы орташа шикі мұнай өндірісі тәулігіне 2,870 млн баррельден астам болғаны, ал 2024 жылы орташа өндіріс тәулігіне 3 млн баррельден асады деп күтілгені атап көрсетілген.

Бұдан бөлек, Иранның жалпы сұйық отын өндірісі шикі мұнай мен конденсатты қосқанда 2024 жылдың бірінші тоқсанында тәулігіне 4,42 млн баррельге жетті.Бұл елдің әлемдік энергетика нарығындағы ықпалының артып келе жатқанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum