Иран осы айда тұңғыш жергілікті электромобилін таныстырмақ

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Иранда электромобиль шығарыла бастайды, алғашқысы жуырда таныстырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ирна агенттігіне сілтеме жасап.

Иран осы айда тұңғыш жергілікті электромобилін таныстырмақ
Фото: Ирна агенттігі

Иран ұлттық стандарттау ұйымының бас директоры Мехди Эслампанах мамыр айының ортасына дейін алғашқы жергілікті электромобиль таныстырылымы болатынын мәлім етті.

«Президент жарлығынан кейін, сапалы өндіріс жылында мамыр айының ортасына қарай отандық мамандар әзірлеген алғашқы отандық электромобиль көпшілік назарына ұсынылады», - деді ол.