Иран Парламенті денсаулық сақтау министрінің қызметіне алғаш рет әйел адамның кандидатурасын бекітті

деп хабарлайды РБК агенттігі.
Жаңа денсаулық сақтау министрі болып Мәрзия Уахид Дастжерди ханым тағайындалды. Оның кандидатурасын, басқа министрлер лауазымдарына үміткерлермен бірге, парламенттің қарауына Иранның қайтадан сайланған президенті Махмұд Ахмадинежад ұсынған. Парламент энергетика, білім, әл-ауқат және әлеуметтік қауіпсіздік министрлерінің қызметтеріне ұсынылған президенттік кандидатураларды кері қайтарды, олардың екеуі әйел болған.
Парламент сондай-ақ, Иранның қорғаныс министрлігіне Ахмад Уахидидің кандидатурасын бекітті. Ахмад Уахидиді Аргентина өкіметі 1994 жылы Аргентинадағы еврей мәдени орталығын бомбылауға қатысы бар деп айыптап отыр. Ол кезде А.Уахиди Ислам төңкерісі сақшыларының корпусына кіретін «Кудс» арнаулы жасағының басшысы болған.