Иран портындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Иранның Бендер-Аббас қаласындағы Шахид-Раджаи портында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті. Бұл туралы Иран Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып «Аль-Масира» телеарнасы хабарлады.

Жарылыс 26 сәуір күні болған. Оның дыбысы жарылыс орнынан 26 шақырым қашықтықтағы Кешм аралында да естілген. Шахид-Раджаи порты – Иранның ең ірі порттарының бірі, ел арқылы өтетін транзиттік жүктердің басым бөлігі осы порт арқылы тасымалданады. Жарылыстан кейін порттың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Жарылыстың себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс зымыран отынының негізгі компоненті — натрий перхлораты себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Айта кетейік, бұған дейін Шахид-Раджаи портындағы жарылыстан 1139 адам зардап шеккенін жаздық.
Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сонымен қатар Иранның жарылыс болған портының Қазақстан үшін маңызы қандай екені нақтыланды.