Иран портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 500-ден асты

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның оңтүстігіндегі Шахид Раджаи портында күшті жарылыс болды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. 

капельница больница
Фото: otyrar.kz

Иранның жедел іздеу-құтқару қызметінің ресми өкілі Бабак Йектапараст жарылыс салдарынан 516 адамның жарақат алғанын, зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілгенін айтты.

Белгілі болғандай, Шахид Раджаи портындағы әкімшілік ғимараттардың бірі жарылыстан зақымданған, сондай-ақ көптеген көлік бүлінген.

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Мухаджерани мәлімдеуінше, кемежайда сақталған химиялық зат тиелуі мүмкін контейнердің жарылғаны анықталған. Алайда, оның пікірінше, өрт толық сөндірілмей тұрып, жарылыстың нақты себебін анықтау қиын. Ол оқиғаның себебіне көз жеткізгеннен кейін әлеуметті нақты ақпаратпен құлағдар етуге уәде берді.

Қазіргі уақытта Шахид Раджаи порты уақытша жабылды, оқиғаға орнында тергеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында жарылыс болғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар