Иран Президенті Х.Рухани: Халық таңдауы жоспарланған бағдарламаларымызды жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік береді

АСТАНА. ҚазАқпарат -Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Иран Президенті Х.Рухани: Халық таңдауы жоспарланған бағдарламаларымызды жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік береді

«Халық жасаған таңдау біздің екіжақты ынтымақтастығымыз аясында жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыруда жемісті жұмыс істеуімізге жақсы мүмкіндік береді», - делінген жеделхатта.

Иран Президенті Елбасыға мықты денсаулық пен зор табыс, ал достас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.