Иран президенті М. Ахмадинеджад 74 мәрте қамшымен сабалуы ықтимал

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад президенттікке үміткер ретінде тіркелуге ниет білдірген өз кеңесшісімен бірге еріп барған. Бұл өз кезегінде Иранның заңдарына қарама-қайшы келеді, деп хабарлайды Утро.ру.

Иран президенті М. Ахмадинеджад 74 мәрте қамшымен сабалуы ықтимал

Енді мемлекет басшысы 74 рет қамшымен сабалуы мүмкін немесе 6 айға абақтыға тоғытылу қаупі бар. Бүгінгі таңда Иран президенті лауазымына 686 адам өтініш білдірген.