Иран президентінің тікұшағындағылардың барлығы мерт болуы ықтимал

Иран
Фото: Ирна агенттігі

АСТАНА. KAZINFORM – Иран Мемлекеттік телеарнасы әлемдік агенттіктердің президент Ибрахим Раисидің тікұшағының бөлшектері табылған жерден тіршілік белгісі байқалмайтынын хабарлап жатқанын жеткізді.

Бұл ретте құтқарушылардың оқиға орнына жеткен-жетпегені, адамдардың мерт болғаны туралы болжам дрондардың түсірілімдері негізінде жасалды ма, ол жағы әзірге белгісіз.

Reuters агентігінің Иран шенеуніктерінің біріне сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақта болғандардың барлығы мерт болған болуы мүмкін.

Осыған дейін Иран президенті мінген тікұшақтың апатты жағдайда қонғанын хабарладық.

Кейінірек Иран вице-президенті Мохсен Мансури Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін қасындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын айтты.

Түркия оқиға орнына 32 альпинист пен тікұшақ жіберді.

Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель Иран президенті Ибрахими Раисиге қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады.

Ресей президенті Владимир Путин апатты жағдайда қонған Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақты іздеуге көмектесу үшін 50 құтқарушы, екі ұшақ пен тікұшақ жіберуге бұйрық берді. 

Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы Президент Ибрахим Раисидің тікұшағы табылғанын хабарлады.

 

 

Соңғы жаңалықтар