Иран радардан жасырына алатын ұшқышы жоқ ұшу аппаратын жасап шығарды

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Иран мамандары радардан жасырына алатын ұшқышы жоқ жаңа ұшу аппаратын (ҰЖҰА) жасап шығарды, деп хабарлайды BNews Росбалт сайтына сілтеме жасай отырып.

Иран радардан жасырына алатын ұшқышы жоқ ұшу аппаратын жасап шығарды

«Жаңа ҰЖҰА-ға Epic деген атау берілді. Ол жоғары биіктікте ұша алады, нысандарды көздейді және радардан жасырына алады», - делінген хабарламада.

Елдің Қарулы күштері күніне арналған парад кезінде сәуір айында Иранда жасалған әскери техниканың үлгілері таныстырылған болатын. Олар: ұшақ, тікұшақ, «жер-жер» және «жер-әуе» зымырандары, артиллерия мен танкілер, оқ өткізбейтін көліктер, байланыс құралдары, түнде көру құралдары.

Сол кезде бірінші рет «Сарир» атты озық үлгідегі ҰЖҰА таныстырылған еді. Иран әскери қолбасшылығының айтуынша, бұл - барлау жүргізетін және соққы жасай алатын, ал операциялар кезінде радардан көрінбейтін мүмкіндігі бар алыстан басқарылатын ұшу аппараты.