Иран Санада әуеден берілген соққыдан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Йемен астанасы Сана қаласында сенбі күні қаралы жиын кезінде әуеден берілген соққыдан зардап шеккендерді қабылдап, медициналық көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы Иран парламентінің төрағасы Али Лариджани Йемендік әріптесі Әли ар-Райге жазған хатында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат tass.ru сайтына сілтеме жасап.

Иран Санада әуеден берілген соққыдан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын

«Иран Ислам Республикасы Қызыл Крест пен Қылыз Жарты ай халықаралық ұйымдарымен бірлесе отырып, жарақат алғандарды алып шығып, оларға медициналық көмек көрсетуге дайын»,-делінген жергілікті ақпарат агенттіктері таратқан хат мәтінінде. Иран сенатының спикері сенбі күні Санада болған қайғылы оқиғалар кезінде құрбан болған азаматтардың отбасыларына және Йемен халқына көңіл айтты. 


Осыған дейін ондаған адам құрбан болған қаралы рәсімге әуеден соққы беру жөніндегі шараны Иран Сыртқы істер министрлігі мен осы елдің Жоғары Ұлттық қауіпсіздік кеңесі қатаң айыптаған болатын. Иранның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі аталған әрекетті «адам төзгісіз қылмыс», «аюандық әрекет» деп бағалады.

Көтерілісші-хуситтердің айтуынша, («Ансар Аллах» шейіттік қозғалысын жақтаушылар) Сауд Арабиясы басқарған коалиция ұшақтары сенбі күні Сана қаласының орталығындағы қаралы жиынға бірнеше мәрте соққы берген. Соның нәтижесінде 700-ге жуық адам жарақат алып, бірқатары мерт болды.