Иран шетелдік ұшқышсыз басқарылатын ұшақты ұстады
АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Иран қарулы күштері өз территориясы арқылы өткен ұшқышсыз басқарылатын ұшақты ұстағанын мәлімдеді.
«Еліміздің электронды бақылау құралдары ұшқышсыз басқарылатын шетелдік ұшақты Сирджан қаласы маңында анықтап, оны қашықтан басқару амалдары арқылы қолға түсірді», - дейді Иран Ислам Республикасы қарулы күштерінің баспасөз хатшысы, генерал Хамид Сархеили. Ұшқышсыз басқарылатын ұшақ кеше, ақпанның 23-і күні Иранның оңтүстігінде өткен әскери оқу-жаттығулар кезінде анықталған. Ол - шетелдік державаның ұшағы. Бірақ қай ел екендігі айтылмай отыр.