Иран Сыртқы істер министрлігі Еуропаның төрт елінің елшілерін шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Иран Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні Ресейге қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды жеткізгені, сондай-ақ бұл елдердің жаңа санкциялар енгізуі туралы айыптаудан кейін Ұлыбритания, Франция, Германия және Нидерланды елшіліктерінің басшыларын шақырды.

Иран
Фото: IRNA

Иран Сыртқы істер министрлігі Батыс Еуропа істері департаментінің бас директоры Маджид Нили Иранның наразылығын білдіріп, төрт батыс мемлекетінің «деструктивті мәлімдемелері мен әрекеттерін» қатаң айыптады, деп хабарлайды IRNA ақпарат агенттігі.

- Мұндай қөзарастағы шараны қалайда қолдануға деген ұмтылыс Батыстың Иран халқына қарсы өшпенділік саясатының жалғасы деп білеміз және оған қатысты Иран Ислам Республикасы тарапынан тиісті жауап болады»,-деді ол.

Ведомство сондай-ақ Ұлыбритания, Франция және Германияны Иранға қарсы бірлескен мәлімдеме жариялағаны үшін айыптап, оны «дәстүрден тыс және конструктивті емес мәлімдеме» деп атады. Ол Иранның баллистикалық зымырандарын Ресейге тапсырды деген кез келген айыптаулардың «мүлдем негізсіз және жалған» екенін атап өтті. Маджид Нили Америка Құрама Штаттары мен оның кейбір еуропалық одақтастары бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы сөйлесетінін, сонымен бірге «олардың өздері әлемде шиеленістің көзі болып, жойқын қаруларды Израильге сататынын» атап өтті.

Сейсенбі күні АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейге қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды тасымалдауға қатысы бар деген айыппен 20 ирандық жеке және заңды тұлғаға санкция салды. Сейсенбі күні жарияланған бірлескен мәлімдемеде Ұлыбритания, Франция және Германия берілуі мүмкін зымырандар тасымалын айыптап, оны «Иран мен Ресейдің жағдайды шиеленістіруге ұмтылуы және «еуропалық қауіпсіздікке тікелей қатер» екенін айтты. Олар сондай-ақ Иранға қарсы жаңа санкцияларды, соның ішінде Иранмен әуе қатынасы туралы келісімдерді бұзатынын жариялады, бұл Иран Эйрдің Ұлыбритания мен Еуропаға ұшу мүмкіндігін шектейді. Өз кезегінде, сәрсенбі күні Нидерланды Иран елшісін зымыран тасымалына байланысты шақырып, Тегеранның кек қайтаруына себеп болды. Британиялық, франциялық, неміс және голландиялық дипломаттар Иранның наразылығын өз астаналарына жеткізуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар