Иран СІМ Италияны АҚШ пен Израильдің шабуылына қатысы бар деп айыптады
АСТАНА. KAZINFORM – Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи әскери агрессия жасаған тараптарға техникалық және логистикалық қолдау көрсету халықаралық құқықты өрескел бұзу екенін мәлімдеді.
Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.
Багаидің айтуынша, агрессорларға техникалық көмек көрсету олардың заңсыз әрекеттеріне тікелей қатысумен тең.
«Бір жағынан агрессорларға қандай да бір көмек көрсетілген жоқ деп жария түрде мәлімделеді, екінші жағынан оларға "техникалық және логистикалық қолдау" көрсетілгені мойындалады. Дәл осы қызметтер АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы заңсыз агрессиялық соғысын жүзеге асыруға мүмкіндік берді әрі оны жеңілдетті», – деп жазды Эсмаил Багаи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Осылайша Иран СІМ өкілі Италия билігінің Иранға жасалған соңғы соққылардағы рөлін тек техникалық қолдаумен шектелді деп түсіндірген мәлімдемесіне жауап берді.
«Агрессорларға техникалық және логистикалық көмек көрсету – заңсыз соғыс жүргізуге тікелей әрі ашық қатысу, агрессияның айқын көрінісі және халықаралық құқықты өрескел бұзу болып табылады», – деді Иран СІМ-нің ресми өкілі.
Айта кетейік, АҚШ Ормуз бұғазында кемеге жасалған шабуылдан кейін Иран нысандарына соққы бергені хабарланған болатын.