Иран Тәжікстанның Ұлттық кітапханасына 20 мың кітап жинап берді

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат  -Иран мен Тәжікстанның достық қауымдастығы 20 мың ирандық кітапты Тәжікстанның Ұлттық кітапханасы үшін жинап берді.

Иран Тәжікстанның Ұлттық кітапханасына 20 мың кітап жинап берді

Бұл жайында тәжікстандық кітапхананың директоры Носирджон Салимов мәлім етті, деп хабарлайды BBC Farsi ақпарат агенттігі.

 Салимовтың айтуынша, Иран мен Тәжікстанның достық қауымдастығының төрағасы Алиашраф Муджтахиди Шабестари бірінші кезеңде кітапханаға 200 мың кітап жеткізіп берді. Барлық туындылар парсы тілінде жазылған. Олар - ирандық жазушылар мен ғалымдардың, сондай-ақ басқа да шетелдік авторлардың шығармалары.