Иран Түркияға газ беруді ұлғайтуға әзір

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Алмат Әбсалықов/ - Түркия Энергетика және минералдық ресурстар министрі Мехмет Хилми Гүлер Украина арқылы газ жеткізілімі проблемаларына байланысты «Иран Түркияға газ жеткізуді ұлғайтуға әзір» екенін мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.Хилми Гүлер бұл туралы ел журналистеріне арнап ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтты. «Газпром» Украинадағы тұтынушыларына да, еуропалық әріптестеріне де газ жеткізбей отыр. Түркия үлкен қиындықтарға тап болуда, сондықтан да бұл орайдағы Иранның көмегі елеулі болмақ», деп атап көрсетті министр. Бүгінгі таңда Иран Түркияға 28 миллион шаршы метр көгілдір отын жеткізуде және бұл көлемді ұлғайтпақ.
Соңғы жаңалықтар