Иран уранды байытуға арналған центрифуганың жаңа буынын жасады
АСТАНА. Қыркүйектің 22-і. ҚазАқпарат - Иран уранды байытуға арналған центрифуганың жаңа буынын жасап шығарды, қазіргі уақытта ол техникалық сынақ тестілеуінен өтіп жатқанын мәлім етті Иранның атом энергетикасы ұйымының басшысы Али Акбар Салехи,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
«Ирандық ғалымдар центрифуганың жаңа буынын жасап шығарды. Қазіргі уақытта тиісті сынақтар жүргізілуде», - деп мәлімдеді ол баспасөз мәслихатында.