Иран ядролық бағдарлама бойынша келіссөзден бас тартуда

АСТАНА.  Желтоқсанның  2-сі. ҚазАқпарат -   Иран    халықаралық қоғамдастықпен  өз ядролық бағдарламасы  туралы  келіссөз  жүргізбек емес.  
None
None

 Бұл туралы Иран   Прзиденті  Махмұд  Ахмадинежад     жергілікті  телеарналардың біріне берген сұхбатында  мәлім етті,  деп хабарлайды «РИА  «Новости» агенттігі.

 Ахмадинежад    Теграннан    уран шикізатын  байыту   жөніндегі    жаңа зауытты    жабу  туралы   өткен аптада  қабылданған  МАГАТЭ   қарарын     үзілді-кесілді   айыптады. Ол  сондай-ақ    қарарды қолдаған   алпауыт елдерді,  оның ішінде Ресейді   де айыптады.

 Тегран   әлемдік қоғамдастықтың    соңғы  ұсыныстарын    қабылдамай,    уран  байытатын  тағы  10 зауыт   салу  туралы  ниетін жария  еткеннен кейін,  Иранның ядролық бағдарламасының төңірегіндегі  жағдай   ушығып  отыр.   Батыс елдерінің басшылары, Иранның  мұндай    әрекеттері     оған қарсы жаңа санкциялар  енгізуге әкелетінін   бірнеше  рет мәлім еткен  болатын.

Соңғы жаңалықтар