20:38, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Иран ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерге даяр
ТЕГРАН. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Ядролық бағдарлама бойынша Иран тарапынан келіссөздерге қатысушылардың бірі Иран Республикасы әлемдік алпауыт мемлекеттерге ядролық келіссөздердің жаңа турына даяр екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Иран жаңғыртылған ұсыныстар топтамасын ұсына алады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
«Иранның жаңа ұсыныстар топтамасы әлемдік алпауыт мемлекеттерге, сонымен қатар, Қауіпсіздік кеңесіне қарауға ұсынылатын болады», - деп мәлімдеді Саид Джалили.
«Біздер келіссөздердің жаңа кезеңінің нәтижесі бейбітшілік пен әділдікке қол жеткізу болатынына үміттенеміз», - деп пысықтай түсті келіссөзге қатысушы.
Джалили ұсыныстар топтамасы Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесіне - Ұлыбританияға, Қытайға, Францияға, Ресейге және Америка Құрама Штаттарына, сондай-ақ Германияға ұсынылатынын айтты.