Иран ядролық қарудың таралмауын қолдайды - Иран Сыртқы істер министрлігінің спикері
АЛМАТЫ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Иран ядролық қаруды таратпау туралы келсімге ең алғашқылардың бірі болып қол қойды және оны ешқашан бұзған емес. Оны Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің спикері Рамин Мехманпараст бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Біз де ядролық қарудың тарлауына қарсымыз. Біздің осы уақытқа дейін және қазір жасап жатқанымыздың бәрі МАГАТЭ-нің бақылауында. Ол біздің қызметімізге қатысты 21 рет өз есебін жасады. Онда атомды бейбіт мақсатқа пайдалданудан өзге қандай да бір қызметті байқамағанын айтады. Осы орайда бізде де ядролық қаруы бар елдер неге оны жоймайды деген сұрақ туындауда", дейді Рамин Мехманпараст. Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі спикерінің айтуынша, ядролық қаруды таратпау туралы келісімде екі бірдей бапта мынандай маңызды жәйттар жазылған. Біріншісінде, ядролық қаруды дамытып оны үшінші елге беруге ешбір елдің құқы жоқ деп айтылған. Алайда АҚШ пен кейбір батыс елдері Израильге ядролық оқтұмсықты иеленуге көмектесті. Қазір онда 300-дей оқтұмсық бар. Бұл келісімдегі бапқа қайшы келеді. Екінші бапта ядролық қаруы бар барлық елдер оны біртіндеп жоюы керек делінген. Әйтсе де содан бері 40 жыл өтсе де ол мемлекеттер қаруды жойған жоқ, қайта оның санын ұлғайта түсті. Бұл қарулар әлемді 20 мәрте жермен-жексен етуге жететінін олардың өздері де мойындап отыр.
"Тегеранда мәжіліс болып, ол атом энергетикасы бейбіт мақсатта барлық елге қол жетімді болуы керек деген ұранмен өтті. Атом қаруын ешкімнің иеленуге құқы жоқ. Онда қандай да бір елде артықшылық болмауы керек. Өкінішке орай, ядролық қарулануға қарсы күрес барлық кезде бірдей әділетті жүрмей отыр. АҚШ пен кейбір батыс елдерінің сөйлеген сөзі мен істеген ісі үйлеспеуде", дейді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті елшісі Р. Мехманпараст.