Иран ядролық қаруға қашанда қарсы болған және болашақта да солай бола бермек - Иран Елшісі

әуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Иран ядролық қаруға қашанда қарсы болған және болашақта да солай бола бермек», деп мәлімдеді бүгін Иранның Қазақстандағы елшісі Құрбан Сейфі.

Иран ядролық қаруға қашанда қарсы болған және болашақта да солай бола бермек - Иран Елшісі

Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, әлемде ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімді жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш келісімнің 6-шы бөлімінде ядролық қаруды жоюға қатысты арнайы бап та бар. Соған қарамастан, аталмыш құжат талаптары тек жүзеге асырылмай ғана қойған жоқ. Керісінше, мұндай қарудың жаңа түрлері жасалып, қолданысқа енгізілді. «2005 жылы Иран Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының отырысына қатысып, өзінің ядролық қаруды жою шараларын қолдайтындығын білдірді. Біз жақында Иран астанасында ядролық қарусыздану мәселесіне арналған үлкен конференция өткізгелі отырмыз. Біз ядролық қаруды таратпау келісіміндегі міндеттерді орындауда ешқандай алалаушылық болмаса екен дейміз», деді елші.