Иран ядролық келіссөздерде өзінің ашықтығын көрсетіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран ядролық мәселе бойынша «алтылықпен» өтетін алдағы келіссөздерде өзінің ұстанымының ашықтығын көрсетуге дайын.

Иран ядролық келіссөздерде өзінің ашықтығын көрсетіп отыр

Бұл туралы бүгін Иран президенті Хасан Рухани мәлім етті.

«Алтылық» (Ресей, Ұлыбритания, Германия, Қытай, АҚШ, Франция) пен Иран келіссөздерінің төртінші кезеңі Венада 13-16 мамыр аралығында өтеді.

6-7 мамырда Нью-Йоркте «алтылық» өкілдерімен ядролық мәселе бойынша сарапшылық кездесу нәтижесін ЕО өкілдері оң бағалады.

Естеріңізге сала кетейік, Иран уранды байыту үшін жаңа центрифугаларды орналастырудан бас тартып, өздерінің ядролық нысандарына халықаралық сарапшыларды кіргізуге және қаруға негізделген плутонийді өндіруге техникалық тұрғыда қауқарлы ядролық реактордың құрылысын тоқтатуға келісті. Өз кезегінде бұл елге қатысты экономикалық санкциялар біршама жеңілдетілетін болады.

Атап айтқанда, тараптар келісімді жүзеге асыруға 20 қаңтарда кіріскен еді. МАГАТЭ ирандық тараппен арадағы келісімдердің орындалуын қадағалауға жауапты болып отыр.