Иран ядролық отын алмасу жөніндегі келіссөзді қазір бастауға дайын - Иран Сыртқы істер министрі

АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат - Иран мамыр айында өзі ұсынған ядролық отынмен алмасу жөніндегі ұсынысты әлемдік державалармен егжей-тегжей талқылауға дереу кірісуге әзір. Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки жексенбі күні Ыстамбұлда мәлім етті,

Иран  ядролық отын алмасу  жөніндегі  келіссөзді     қазір бастауға  дайын -  Иран Сыртқы істер министрі

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Министр бұл мәлімдемені Иран, Түркия және Бразилия сыртқы саясат ведомстволары басшыларының консультациясынан кейін жасады. Ирандық дереккөздердің хабарлауынша, Ыстамбұлда өткен үшжақты кездесуде «Тегранның ядролық отынмен алмасу жөніндегі ұсынысының төңірегіндегі оқиғалардың даму барысы» талқыланды.

Ағымдағы жылы мамырдың 17-сінде қабылданған аталмыш иран-түрік-бразилия декларациясы Теграндағы зерттеу реакторына қажетті 20 пайызға дейін байытылған ядролық отынға алмастыру үшін Ираннан Түркияға 1200 келі төмен байытылған уранды -жеткізу мәселесін қарастырады. Мамырдың 24-інде Тегран МАГАТЭ ұйымы осы шарттардың негізінде уранды алмастыруға әзір екенін ресми хабардар еткен болатын. Ирандық дереккөздердің хабарлауынша, Вена тобының мүшелері - Ресей, АҚШ, Франция елдері және МАГАТЭ ұйымы келісім берсе, Иран төмен байытылған уранды алдағы айдың ішінде Түркияға жеткізе бастайды.

Иран тарабы, Тегранның бұл мәлімдемесі Иранның ядролық бағдарлама бойынша «5 плюс 1» (БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі + Германия) тобымен арадағы келіссөзін жалғастыруына негіз болуы керек деп пайымдап отыр. Ресми Тегран сондай-ақ, бұл келіссөздерге Бразилия мен Түркияны да қосқан жөн деп санайды.