Иран Йемендегі қақтығысты шешу жоспарын ұсынды
ӘБУ-ДӘБИ. ҚазАқпарат - Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге Йемендегі жағдайды реттеу бойынша ұсыныс жіберді.
Төрт тармақтан тұратын жоспар атысты тоқтату режімін, «хуситтерге» қарсы әскери операцияны тоқтатуды, елге гуманитарлық көмек жеткізуді, йеменішілік диалогты қамтамасыз етуді қамтиды.
Қазіргі сәтте араб елдерінің каолициясы Сауд Арабиясының басшылығымен Йемендегі хуситтер тобын жою үшін операция жүргізуде. Эр-Рияд «Ансар Алла» ұйымы әрекетінің артында Иранның әскери қолдауы бар деп болжайды.