Иран жағалауында 30 жолаушы мінген БАӘ кемесі суға батып кетті

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иран жағалауында Біріккен Араб Әмірліктерінің туы ілінген кеме суға батып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Иран жағалауында 30 жолаушы мінген БАӘ кемесі  суға батып кетті

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Иран қызметі іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына тікұшақ жіберілді. Кеменің барлық жолаушылары құтқару жилеттерін кигені аталып өтілді.