Иран және келіссөзшілер «алтылығы» мамырда ядролық бағдарлама бойынша келісімдермен жұмысты бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран және келіссөзші-елдер алтылығы (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері және Германия) 2014 жылғы мамырда Нью-Йоркте ядролық бағдарлама бойынша ұзақмерзімді келісімді жасау жұмысын бастайды. Бұл туралы Иранның IRNA ресми ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап Reuters хабарлады.
None
None

Келісіммен жұмыстың алғашқы кезеңі 5-9 мамыр аралығындағы келіссөздер барысында басталады. Ол кезде «алтылық» және Иран «барлық мәселені қамтитын келісімнің алдын ала нұсқасын жасауды бастайды». Оны әзірлеу «күрделі және оңай нәрсе емес», деп мәлімдеді келіссөздердегі ирандық тараптың өкілі, дипломат Аббас Арагчи. Иран делегациясын осы елдің СІМ саясат және халықаралық қатынастар бөлімінің көшбасшысы Хамид Баидинежад басқарады.

Иран бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізудің соңғы мерзімі 20 маусым болып белгіленді. Егер де келіссөздер ойдағыдай аяқталса, Ираннан барлық экономикалық санкциялар алынып тасталады.

2013 жылғы қарашада «Иран мен «халықаралық алтылық» (Ресей, АҚШ, Қытай, Германия, Франция және Ұлыбритания) арасында 2014 жылғы қаңтардан күшіне енген Женевадағы аралық келісімге қол жеткізілді. Келісім шарттары бойынша, Иран экономикалық санкцияларды жеңілдетуге айырбас ретінде өзінің ядролық бағдарламасын ішінара тоқтатуға келісті. Бұдан бұрын МАГАТЭ иран көзделген барлық келісім шарттарын орындап отырғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар