Иранда 1,7 тонна есірткі тәркіленді

ЗАХЕДАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Иранда Захедан провинциясының оңтүстігіндегі Никшахр фермасында 1789 келі апиын табылған. Бұл туралы провинция командирі генерал Мохаммад Ганбари мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Иранда 1,7 тонна есірткі тәркіленді

«Кешенді жедел-іздеу шараларының нәтижесіндепровинция полициясы елдің оңтүстігіндегіі қалалардан Захеданға есірткі партияларының тасымалдануын білген. Есірткінің Никшахрдағы сақталған орнын тауып, 1789 елі апиын тәркіледі»,- деп мәлім етті Ганбари.

Иран полициясының күшімен жыл сайын апиынның әлемдік айналымының 80 пайызынан астамы, героин мен морфиннің 40 пайызы тәркіленеді.

Есірткіні елге Ауғанстаннан әкеледі.