Иранда 12 айда 525 тонна есірткі тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 12 айда ирандық есірткіге қарсы полиция 525 тонна есірткі тәркіледі. Мұны Ислам Республикасы қауіпсіздік қызметінің мамандандырылған бөлімшесінің бастығы Әли Мойеди баспасөз конференциясында айтты.

Иранда 12 айда 525 тонна есірткі тәркіленді

«Осы жылы ел бойынша иранда 525 тонна есірткі тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп», - деп оның сөзін келтірді Тасним агенттігі.

Тәркіленген есірткілердің 400 тоннасы опиум, 75 тоннасы - гашиш, қалғаны - героин мен морфиндер, деп нақтылады ол. Бұл ретте Иран аумағы арқылы өлімге әкеп соғатын шөп әкелген бірнеше қарақшы әшкереленді, операция барысында 61 есірткі тасымалдаушы өлтірілді, - деді генерал, деп хабарлады ТАСС.