Иранда 5,5 миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иранда пандемия басталғаннан бері 5,5 миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Иранда 5,5 миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Иранда пандемия басталғаннан бері 5,5 миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Өткен тәулікте COVID-19 вирусының 16 362 жағдайы анықталды. Бүгінгі таңда елде аурушаңдықтың жалпы көрсеткіші 5 493 591 адамға дейін өсті.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус 118 508 адамның өмірін қиды, оның ішінде өткен тәулікте 317 адам ауру салдарынан көз жұмды. 6 586 пациент реанимациялық бөлімшелерде ем қабылдауда. 33 343 104 ирандық COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды, 14 938 853 адам вакцинацияның толық курсынан өтті.