Иранда 50 адам президенттікке кандидат ретінде тіркеліп отыр

ТЕГРАН. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат – Иранда кеше басталған тіркелудің алғашқы күні президенттікке кандидат ретінде 50 адам тіркеліп отыр,

Иранда 50 адам    президенттікке  кандидат  ретінде тіркеліп  отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР- ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Иран Ішкі істер министрлігінің Сайлауды өткізу жөніндегі штабының өкілі ИСНА ақпараттық агенттігіне хабарлағанындай, 46 ер азамат пен 4 әйел ресми өтініш берді. Үміткерлердің ең үлкені ? 74 жаста болса, ең жасы -25-те. Кандидатураларын ұсынуда теграндықтар үлкен белсенділік көрсетіп отыр, бірақ тіркелгендердің ішінде Шираз, Мешхед, Казвин, т.б. қалалардың тұрғындары бар. Тіркелу 5 күнге созылады.