Иранда 70 мыңдай студент Палестина жағында Израильге қарсы соғысуға ниет білдіріп отыр

ТЕГРАН. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат – Иранда 70 мыңнан астам студент Израильге қарсы Палестина жағында ерікті соғысу ниетін білдіріп отыр.
None
None
Иранның ерікті студенттік ұйымы осындай мәліметті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA агенттігіне сілтеме жасап. «Бүкіл Иран бойынша жоғары оқу орындарының 70 мыңнан астам студенті әскери операциялар жүргізу үшін (Газа секторында израиль әскеріне қарсы) еріктілер қатарына жазылды», - деп мәлім етті студенттік ұйымның өкілі Исмаил Ахмади. Ол сондай-ақ студенттердің арнайы еріктілер батальондарына бөлініп отырғанын да айтып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Газа секторындағы жағдай ушыққалы бері радикальды ирандық студенттер еріктілер қатарына жаппай жазыла бастады және олар ел үкіметінен өздерін Палестинаға жөнелтуді талап етуде. Ал Иранның Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хассан Кашкауи, ел үкіметінің еріктілерді немесе «Хамас» жасағын қаруландырып отырмағанын және тіпті ондай ойдың жоқ екенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар