Иранда АҚШ, Израиль және Ұлыбританияға байланысты тыңшылық желілері жойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) барлау ұйымы ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.
Нәтижесінде корпус АҚШ, Израиль және Ұлыбританияның арнайы қызметтерімен байланысы бар агенттік ұяшықтар анықталып, жойылғанын мәлімдеді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, жедел іс-шаралар бір уақытта елдің үш стратегиялық өңірінде өткізілген: Шығыс Әзербайжан (Иранның солтүстік-батысы), Мазендеран (солтүстік жағалау аймағы).
— Операция барысында барлығы 127 адам ұсталған. Топ мүшелерінен атыс қаруы, оқ-дәрі және тыңшылық пен байланысқа арналған арнайы жабдықтар тәркіленген, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Иран АҚШ пен Израиль шабуылдарынан келген шығынды $270 млрд деп бағалағанын жазған едік.
Кеше қақтығыс басталғаннан бері бірінші круиздік кеме Ормуз бұғазы арқылы өткені белгілі болды.
Осыған дейін журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы Иран АҚШ-қа неліктен сәтті тойтарыс бергенін айтып берді.
Сонымен қатар, ол АҚШ пен Иран келіссөздері неліктен нәтижесіз аяқталғанына қатысты пікір білдірді.