Иранда апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Қазақстан азаматтары болған жоқ - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда апатқа ұшыраған азаматтық ұшағының бортында Қазақстан Республикасының азаматтары болмаған, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Иранның астанасында апатқа ұшыраған АН-140 азаматтық ұшақтың бортында Қазақстан Республикасының азаматтары болмағанын хабарлаймыз», делінген таратылған баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, кеше Иран астанасы Тегеран әуежайынан Iran-141 ұшағы көтерілер кезде апатқа ұшырағаны туралы айтылған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, апатта 40-тан аса адам қаза болып, 9 адам аман қалған.