Иранда әскери парад кезінде ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА.   Қыркүйектің  22-сі.  ҚазАқпарат -  Иранда 1980-1988 жылдардағы   иран-ирак соғысының басталуы  құрметіне   арналған   әскери шеру кезінде әскери ұшақ апатқа ұшырады, 

Иранда  әскери парад кезінде  ұшақ апатқа  ұшырады

деп     хабарлайды  РБК  Associated Press агенттігіне сілтеме  жасап.

Жергілікті    билік өкілдерінің  ақпараты  бойынша,    моделі    хабарланбаған   ұшақ,    нақтыланбаған себептер бойынша,    Тегранның оңтүстігіндегі елді мекенге  құлаған.   Құрбан болғандар  мен қираулар  туралы әзірге ақпарат түскен  жоқ.

Бүгін Иранда  өтіп жатқан  әскери  шеруге   АҚШ-та шығарылған     шабуылдаушы  және   жоюшы ұшақтар,   ресейлік  Миг-29 және  Су-24, сондай-ақ ирандық Saeqeh ұшақтары      қатысқан.