Иранда ауыл шаруашылығы саласында тұңғыш нанотехнология зертханасы құрылды
ТЕГРАН. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Кередждегі ауыл шаруашылығы жиһады министрлігінің ауыл шаруашылығы саласында Биотехнологиялар ғылыми-зерттеу институтында Иранда ауыл шаруашылығы саласында тұңғыш нанотехнология зертханасы құрылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.
Зертхананың меңгерушісі Дарьюш Дауди зертхананы құруға арналып 2,5 млрд. туман (2,5 млн. долларға жуық) қаражат бөлінгенін және оның алдына ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында нанотехнологияны енгізу міндеті қойылғанын хабарлады.