Иранда азық-түлік бағасы шарықтап кетті
АСТАНА. KAZINFORM - Иран экономикасы әскери қақтығыс аясында ауыр дағдарысты бастан өткеріп жатыр, деп жазады Aijazeera.
Ресми мәлімет бойынша, елдегі жалпы инфляция 73,5 пайызға жеткен.
Алайда азық-түлік бағасы бұдан да жылдам өсіп жатыр.
Соңғы бір айда негізгі тауарлардың құны екі еседен астам қымбаттаған.
Сонымен қатар Иран валютасы тарихи минимумға дейін әлсіреген.
Соңғы бір жылда риалдың долларға шаққандағы бағамы екі есе құлдыраған.
Бағасы ең қатты өскен өнімдердің қатарында өсімдік майы тұр.
Қатты өсімдік майы 375 пайызға қымбаттаған.
Ал сұйық өсімдік майының бағасы 308 пайызға өскен.
Импорттық күріш 209 пайызға қымбаттаған.
Тауық етінің бағасы 191 пайызға көтерілген.
Иранда өндірілетін күріштің құны 173 пайызға артқан.
Макарон өнімдері 75 пайызға қымбаттаған.
Балаларға арналған құрғақ қоспалардың бағасы 71 пайызға өскен.
Сары май 48 пайызға қымбаттап отыр.