Иранда Boeing жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Иранның солтүстік-батысында Iran Air авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады Reuters агенттігі жергілікті телеарнаға сілтеме жасап. Ұшақ бортында 105 адам болған.
Апат 9 қаңтар күні Мәскеу уақытымен 20:15-те болды деп мәлім етті өкімет орындары. Ұшақ Урумийе қаласы маңында құлады. Әуе кемесін Boeing компаниясы шығарған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 72 адам қаза болды, 33-і тірі қалды. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді.
Иранның құтқарушылар қызметінің пайымдауынша, апат себебі ауа райының нашар болуынан болса керек - лайнер алғашқыда қона алмаған, ал екінші әрекеттен кейін әуежайдан бірнеше клиометр жерге құлаған.