Иранда екі орындық электромобиль жобаланды және әзірленді

АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Насирэддин Туси атындағы ирандық Техникалық университетінің бір топ мамандары «Каседаке Насир» («Насирдің хабаршысы») деген атқа ие болған екі орындық электромобилдің жобасын жасады және әзірледі,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.

«Каседаке Насир» электромобилі Насирэддин Туси атындағы Техникалық университеттің 14 студенті мен оқытушыларының 10 ай бойы жүргізген жұмыстарының нәтижесі.

«Каседаке Насир» электромобилінде бірегей басқару жүйесі және беріліс қорабы пайдаланылған. Қоректену қуатты аккумулятор есебінен қамтамасыз етіледі. Электромобиль барынша жоғары жылдамдықпен жүруге қабілетті. Оның корпусының қалыңдығы 0,7 мм болат табақшаларынан әзірленген. Бұлардың барлығы да оны қала жағдайында пайдалануға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар