Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иранда екі пойыздың соқтығысуынан 5 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирандағы Семнан орталық провинциясында екі жолаушылар пойызы соқтығысты. Салдарынан кем дегенде 5 адам қаза тауып, он шақтысы зардап шекті, деп хабарлайды IRNA агенттігі.

Иранда екі пойыздың соқтығысуынан 5 адам қаза тапты

Анықталғандай, бұл келеңсіз жағдай жергілікті уақытпен 7:00-де Тегераннан 400 шақырым шығыста орналасқан Имамшехре қаласының маңында болған. Қазіргі таңда апат болған жерде құтқарушылар жұмыс жасауда. Оқыс оқиғаның себебі әзірге анықталмай отыр.