Иранда «Электр полициясы» пайда болды
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иранда энергия ақысының төмендігі де тоқ ұрлау фактілеріне тосқауыл бола алмады. ИИР Энергетика министрлігі энергия үнемдеу технологияларын дамыту және енгізу жоспарын орындау шеңберінде электрді заңсыз тұтынуды анықтау мен жолын кесу жұмыстарын бастады. «Мехр» агенттігі хабарлағандай, «Электр полиция» құрылды, деп жазады «ТАСС».
Иранда егер ең жоғары баға сағатына шамамен 500 риал (2 цент) киловатт болса, үй шаруашылығында орташа айлық тұтыну сағатына 300 киловатты құрап, жалпы төлем сомасы 6 доллардан аспайды. Осыған қарамастан көптеген отбасы электр тарату желілеріне заңсыз қосылып алады.
Энергетика министрі Хушанг Фалахатианның айтуынша, үкімет электр шығынын 15-тен 10 пайызға қысқарту міндетін қойды. «Біз бұл жоспарды қысқа мерзімде орындау үшін жедел шаралар қабылдауды бастаймыз. Ел бойынша заңсыз қосылған электр сымдарын қиып тастаймыз», - деді ол.