Иранда футболшы қыздар хиджаб киіп ойнайды
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Иран қыздардың футбол құрама командасы үшін жаңа киім үлгісін әзірлеуде, деді Иран футбол федерациясы төрағасының әйелдер футболы мәселесі жөніндегі орынбасары Фарида Шоджаи, деп хабарлайды Әзірбайжанның «Тренд» порталы «Иран» радиосына сілтеме жасап.
Шоджаидың айтуынша, Иран федерациясының өкілдері ФИФА басшысы Йозеф Блаттермен және қауымдастықтың тәртіп комиссиясының мүшелерімен кездесіп, ислам талаптарына жауап беретін әрі ФИФА міндеттерін де бұзбайтын жаңа спорттық костюм әзірлеуге келіскен көрінеді.
Футболшы қыздарға жаңа форма дайындау үшін бірнеше сәнгерлер тартылғандығын тілге тиек етеді жауапты қызметкер.
«Форма ФИФА бекіткеннен кейін пайдаланылатын болады», - деді Шоджаи.