Иранда ғарыш кемесінің жаңа моделі жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран салмағы 300-500 келі болатын ғарыш кемесінің дизайны мен моделін жасап шығарды. Ол ғарышқа адамдарды ғана емес, жануарларды да ұшыруға арналған. Бұл туралы Иранның астронавтика институтының жанындағы зерттеу орталығының басшысы Мұхаммед Ибрагими айтты, деп хабарлады ирандық БАҚ-қа сілтеме жасаған РБК.

Иранда ғарыш кемесінің жаңа моделі жасалды

Ибрагимидің сөзіне қарағанда, аталған жоба институттың негізгі бағдарламаларының бірі. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты адамдарды Жер айналасындағы орбитаға ғарышқа жіберу болып табылады және аталған мақсатқа орташа мерзімді болашақта қол жеткізу керек.

Ибрагими сонымен бірге ғарыш кемесінің тұжырымдамалық моделі Тегеранның Әмір Кабир технологиялар политехникалық университетімен ынтымақтастықта жасалғанын және аталған кемелерді Иран ғарыш агенттігі тарапынан бекітілгеннен кейін шығару күтіліп отырғанын жеткізді.

Ол мақұлданған жағдайда бұл кемелерді Жер орбитасына шығару 2017 жылға жоспарланған.