Иранда Instagram-ға тыйым салынуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран соты ел аумағы бойынша жеке тұлға құпиясын қамтамасыз ету мақсатымен Instagram желісін бұғаулауды қолға алды, деп хабарлайды muslim.kz.

Иранда Instagram-ға тыйым салынуы мүмкін

Сот қаулысы қазіргі уақытта елдің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар министрлігінің қарауына ұсынылды. Дегенмен, агенттік мәліметі бойынша, Instagram қолданушылары үшін сервис қызметі әзірге қолжетімді.

Иран мемлекетінде сәл бұрынырақ мобильді телефондардың өзара хабар алмасу қызметі, яғни WhatsApp сервисіне тыйым салынған болатын.