Иранда ірі мұнай кен орны табылды

ТЕГЕРАН. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат -  Иранның мұнай министрі Нозари Хузистан провинциясында ірі мұнай кен орнының табылғанын мәлімдеді,

Иранда ірі мұнай кен орны табылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала бағалау бойынша кен орнының қоры 9 млрд баррелге жетуі мүмкін. «Бұл соңғы жылдары табылған ең үлкен кен орны. Оның игерілуі елдегі мұнай өндірісін айтарлықтай арттыратын болады», - деп мәлімдеді Нозари.

Жаңа кен орны бұған дейін игерілген кен орнына таяу маңда орналасқандықтан, Нозари тиісті инфрақұрылым құруда қаржы үнемдеуге және таяу уақыттары кен орнынан мұнай алынатынына үмітін білдірді.