07:17, 20 Қазан 2015 | GMT +5
Иранда ірі жол апатынан 20 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда ірі жол апатынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлады www.24.kz.

Ел астанасы Тегеран мен Гум қаласының арасындағы тасжолда шағын автобус, жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысқан. Марқұмдардың біреуі - жүргізуші, қалғандары - жолаушылар. Тағы 10 адам жарақат алды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, автобус тізгінінде Иран азаматы болған. Ал жолаушылардың барлығы ел аумағына Ауғанстан жағынан заңсыз өткен босқындар болып шықты.