16:48, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Иранда ислам революциясының 30 жылдығы аталып өтуде
ТЕГРАН. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Иранда ислам революциясының басталғанына 30 жыл толуына орай мерекелік салтанат басталды.

Ислам революциясы 1979 жылғы ақпанның 1-інде көп жылғы айдаудан кейін имам Рухолла Мусави Хомейнидің елге оралуымен байланысты шешуші кезеңіне жеткен еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran news агенттігіне сілтеме жасап.Сенбі күні Иранның діни көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи мен ел Президенті Махмұд Ахмединежад Тегранның оңтүстік жағында орналасқан Ислам Республикасының негізін қалаушының кесенесінде болды. Дәстүрлі мерекелік шаралар бүгін басталады. Оның аясында көптеген көрмелер, кинофестивальдар, спорт жарыстары, театр қойылымдары, Құранды мәнерлеп оқушылар байқауы өтеді.Биылғы салтанаттар ерекше болып отыр. Біріншіден, мерейтойлық шара, екіншіден ? кезекті сайлаулар жылы, алдағы маусымда Ахмадинежад президенттіктің екінші мерзіміне үміткер болмақ.