10:11, 20 Маусым 2025 | GMT +5
Иранда Ислам революциясы Қамқоршылар корпусы барлау қызметінің жаңа басшысын тағайындады
АСТАНА. KAZINFORM — Иран ислам революциясы Қамқоршылар корпусы Маджед Хадемиді барлау қызметінің басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Синьхуа.

Бұл тағайындауды ИРҚК бас қолбасшысы Мохаммад Пакпур жексенбі күні Тегеранда Израильдің әуе шабуылдары кезінде ИРҚК барлау қызметінің бұрынғы басшысы Мохаммад Каземи мен оның орынбасары Хасан Мохакак қаза тапқан соң бірнеше күн өткен соң жасады.
Бұған дейін М.Хадеми ИРҚК барлауды қорғау ұйымын басқарған.
Еске сала кетсек, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға соққы беріп, әуе кеңістігін жауып тастады.
Жауап ретінде Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді.
Бұған дейін Тель-Авивтегі Еуроодақ делегациясы орналасқан ауданға зымыран құлағанын жазған болатынбыз.